"Шавкат UFC-мен қоштасады": Қазақ жауынгеріне қатысты сұмдық хабар шықты

3 қазан, 2025 / Ахмет Қанатұлы
Cooper Neill/Zuffa LLC via Getty Images. Суретте: Шавкат Рахмонов

Ресейлік Telegram арналарда қазақ спортшысы Шавкат Рахмоновтың UFC-ден кететіні туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Ресейлік блогер Владимир Колос жүргізетін "Колос" атты Telegram арна бұл туралы мәлімдеме жасады.

"Шавкат Рахмонов UFC-мен қоштасады", – деп жазды ол.

Бұл жағдайға қатысты Kazinform тілшісі Шавкат Рахмоновтың командасы Dar Team жаттықтырушысы Эдуард Базровқа хабарласқан.

"Шынымды айтсам, ештеңе білмеймін. Бізде бұл жөнінде ешқандай ақпарат жоқ", – деді ол.

Сонымен қатар, команданың ресми аккаунтында Шавкат Рахмоновтың жаттығу жасап, әдістерін пысықтап жатқан бейнелері жарияланды.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов UFC октагонына соңғы рет 2024 жылдың желтоқсанында шыққан болатын. Жарақатына қарамастан, ол ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілер шешімімен жеңген.

Тэгтер:

UFC Шавкат Рахмонов файтер