Қазақ шоу-бизнесіндегі ең жарқын жұптардың бірі атанған Диана Скатова мен Сұлтан Нұрбек туралы әлеуметтік желілерде қызу әңгіме жүріп жатыр, деп жазады ozgeris.info.
Желі қолданушыларының айтуынша, қос ғашықтың қарым-қатынасы тоқтаған. Бұған олардың бір-бірін әлеуметтік желіден өшіріп тастауы мен ортақ суреттерін жоюы дәлел ретінде көрсетілуде.
Көпшіліктің пайымдауынша, арадағы салқындыққа қытайлық қатысушы Чжан Хаоан себеп болуы мүмкін. Ол бағдарлама күнделіктерінде Диананы "қытай қыздарына ұқсайды" деп сипаттап, Сұлтанның қызғанышын оятқан деген болжам бар.
Сонымен қатар, қашықтықтың да әсер ету ықтималдығы жоғары. Себебі Сұлтан Нұрбек соңғы уақытта АҚШ-та тұрып жатыр. Ал әзірге Диана Скатова бұл жайында ресми пікір білдірген жоқ.
Жанкүйерлер арасында «Олар шынымен ажырасып кетті ме?» деген сұрақ күн өткен сайын жиілеп барады.
Әлеуметтік желіде түрлі пікір жазылуда: "Диана Сұлтанның артынан өзі жүгірді. Жігіт басқаны сүйеді", "Сұлтанның мінезі ауыр, Диана жеңілтек", "Өзі тиіп алды ғой", "Басынан белгілі еді ғой", "Диана ақылды қыз, ажыраспайды", "Білмей жатып тон пішпеңдер", – деп желі қолданушылары түрлі пікір жазды.