Белгілі продюсер әрі Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова енді ұлының шығармашылық жұмысын өзі басқармайтынын мәлімдеді.
Айдарбекованың айтуынша, әншінің енді продюсерлік тізгінді өз қолына алып, шығармашылық жолын дербес жалғастыратын уақыты келген.
"Осы уақытқа дейін жүгіріп келдім. Енді ат тізгінін өз қолына беретін уақыт жетті. Жас емес. Ары қарай өзі алып кетер. Өзінен кейін шәкірттер тәрбиелесе де өзі біледі. "Осыларды қайтсем өсіремін, қайтсем дамытамын?" деп қанша жыл жүгірдім, уақытымды тек отбасыма арнадым. Енді өзіме уақыт бөлгім келеді", – деді продюсер Revue News-ке берген сұхбатында.
Айта кетейік, Гүлзира Айдарбекова ұзақ жылдар бойы ұлы Қайрат Нұртастың шығармашылығына жетекшілік етіп, оның ең танымал хиттерінің жарыққа шығуына ықпал еткен.