Қыркүйек айы қазақ спорты үшін жетістікке толы кезең болды. Күздің алғашқы айында бірден сегіз отандасымыз әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Мұндай нәтиже – сирек кездесетін құбылыс. Осы орайда әріптестеріміз Sportarena.kz сайты қыркүйек айының үздік спортшылар рейтигін түзді.
- Айдос Сұлтанғали
- Айбек Оралбай
- Төрехан Сабырхан
- Махмұд Сабырхан
- Наталья Богданова
- Аида Әбікеева
- Алуа Балқыбекова
- Санжар Тәшкенбай
Айдос Сұлтанғалидың Загребте өткен әлем чемпионатындағы жеңісі – нағыз тарихи серпіліс. Соңғы рет қазақ балуандары бұл спорт түрінен алтынды 1999 жылы, яғни 26 жыл бұрын жеңіп алған еді! Айдос Сұлтанғали болса, жаңа ғасырдағы тұңғыш әлем чемпионы атанды. Оның үстіне – олимпиадалық салмақта үздік атанды.