Дастан Сәтпаев пен Шерхан Қалмұрзаның аналары туралы не білеміз?

Бүгін, 11:04 / Ахмет Қанатұлы
Dalanews.kz коллажы

Әлеуметтік желілерде "Қайрат" командасының ойыншысы Дастан Сәтпаев пен қақпашы Шерхан Қалмырзаның аналары туралы деректер жария болды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Дастанның анасы – Мадина Сәтпаева. Ол өзін көпшілік алдында жиі көрсетпесе де, белсенді өмір салтын ұстанатын жан. Спортпен айналысады, йогаға қызығады және таңғы тәртіпті қатаң сақтайды. Футболға деген алғашқы ынтасын немересінен байқаған Дастанның атасы болса, оның кәсіби аренаға жетуіне ең үлкен қолдау көрсеткен – анасы.

Ал Шерханның анасы – Сәуле Рабаева. Ол медиа саласында ұзақ жыл еңбек етіп, «Түнгі студия», «Балапан» сияқты жобалардың продюсері ретінде танымал.

Дегенмен Рабаеваның басты жетістігі – ұлдарының тәрбиесі. Шерханның қайсар мінезі де анасының табанды болмысынан бастау алғандай.

Тэгтер:

Дастан Сәтпаев Шерхан Қалмұрза