Сүйінші! Головкин көптен бері күткен қуанышты хабарын жеткізді

Бүгін, 10:28 / Ахмет Қанатұлы
olympic.kz. Суретте: Геннадий Головкин

Қазақ боксының аңызы Геннадий Головкин Халықаралық бокстың даңқ залына (IBHOF) енгізуге кандидат ретінде ұсынылды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

"Халықаралық ұйым 2026 жылы Даңқ залына енгізу үшін кандидаттарға дауыс беруге бюллетеньдерді таратты. Ерлер санатында алғаш рет орта салмақта көп жыл қатарынан чемпион атанған Геннадий "GGG" Головкин, екі салмақта чемпион болған Вернон Форрест және ирландиялық аңыз Стив Коллинз тізімге енді.
Әйелдер санатында бес дүркін чемпион Наоко Фудзёка, ұзақ уақыт бойы орта салмақта чемпиондық белбеулерін қорғаған Кристина Хаммер, сондай-ақ мексикалық пионер Джеки Нава бар. Алдыңғы жылдардағы дәстүрге сәйкес, түпкілікті тізім желтоқсан айында жарияланады. Бұл екі ай бойы талқылаулар мен болжамдар жасауға мүмкіндік береді", – деп жазады портал.

Айта кетейік, бокс даңқ залына енгізу бойынша дауыс беруге әлемнің түкпір-түкпіріндегі Бокс журналистері қауымдастығының мүшелері мен тарихшылары қатысады.

Тэгтер:

Бокс Геннадий Головкин даңқ залы