Әзербайжанның "Қарабақ" клубы УЕФА Чемпиондар лигасының екінші турында өз алаңында Данияның "Копенгаген" командасын жеңді, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Екінші тур аясындағы кездесу Бакудегі Тофик Бахрамов атындағы стадионда өтіп, алаң иелерінің пайдасына 2:0 есебімен аяқталды.
Гол авторлары – француз жартылай қорғаушысы Абделла Зубир (28-минут) мен ганалық шабуылшы Эммануэль Аддай (84-минут).
"Қарабақ" Чемпиондар лигасының биылғы маусымында екінші мәрте жеңіске жетті. Алты ұпай жинаған Әзербайжанның ең атақты клубы турнир кестесінде көшбасшылар – Германияның "Бавариясы" (Мюнхен), Испанияның "Реалы" (Мадрид) және Италияның "Интерімен" (Милан) теңесті.
Ал "Копенгаген" бір ұпаймен 26-орында тұр. Дания чемпионы 26 қарашада бесінші турда өз алаңында алматылық "Қайрат" клубын қабылдайды.