Экс-депутат Руслан Берденов чемпиондармен бірге көзге түсті (ФОТО)

1 қазан, 2025 / Ахмет Қанатұлы
instagram.com/sabyrkhantorekhan

Бокстан әлем чемпионы Төрехан Сабырхан әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа жазба жариялады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Боксшы Instagram желісіндегі ресми парақшасында жариялаған суретінде Ливерпульде өткен әлем чемпионатында жеңімпаз атанған спортшылармен бірге тұр. Сондай-ақ боксшылармен қатар экс-депутат Руслан Берденов те тұр.

"Өмір – ринг. Кедергілер – біздің қарсыласымыз. Шаршы алаңда қанымыз бен терімізді қатар төгеміз. Әрбір соққы бізді күшейте түседі", – деп жазды Төрехан Сабырхан.

Айта кетейік, Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) президенті Умар Кремлев бокстан әлем чемпионаты желтоқсан айында Біріккен Араб Әмірліктерінде өтетінін хабарлады

Тэгтер:

Төрехан Сабырхан Бокс Руслан Берденов