Головкиннің әлемдік бокстағы тағдыры шешілетін күн белгілі болды

Бүгін, 15:53 / Ахмет Қанатұлы
olympic.kz. Суретте: Геннадий Головкин

World Boxing конгресінің өтетін күні анықталды, онда ұйым президентін сайлау жоспарланған, деп хабарлайды Sportinside.kz.

WB баспасөз қызметінің мәліметінше, шара 23 қараша күні Италияның Рим қаласында өтеді. Президент сайлауымен қатар, конгресс барысында Атқарушы кеңес мүшелері де сайланып, World Boxing ұйымының басқа да мәселелері бойынша бірқатар дауыс беру рәсімдері болады.

Айта кетейік, World Boxing президенті лауазымына үміткерлердің бірі – қазіргі таңда ұйымның олимпиадалық комиссиясының төрағасы, Қазақстаннан шыққан кәсіпқой бокстан бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин. Бұған дейін бұл қызметке Грекия бокс федерациясының президенті Харис Мариолис пен украиналық бокс аңызы Владимир Кличко да таласатыны хабарланған. Дауыс беруге дейінгі 30 күн ішінде үміткерлердің түпкілікті тізімі жария етіледі.

World Boxing-тің қазіргі президенті Борис Ван дер Ворст жаңа мерзімге қайта үміткер болмайтынын бұған дейін мәлімдеген еді.

Тэгтер:

Бокс Геннадий Головкин