Чемпиондар лигасының Instagram желісіндегі ресми парақшасы ойын күніндегі үздік сейвтердің бейнежазбасын жариялады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Тізімге мадридтік "Реалға" қарсы өткен ойында ерекше көзге түскен "Қайраттың" 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмұрза да енді.
Алматыда өткен матчтың бірінші таймында Шерхан Қалмұрза корольдік клубтың шабуылшысы Килиан Мбаппенің соққысын әдемі қайтарып, жақсы сейв жасады.
Үздік сейвтердің шорт-листіне Шерхан Қалмұрзамен бірге "Галатасарай" қақпашысы Угурджан Чакыр, "Челси" қақпашысы Роберт Санчес және "Аякс" ойыншысы Витезслав Ярош енгізілді.
Жанкүйерлерге үздікті таңдау ұсынылды: "Угурджан Чакыр, Санчес, Қалмұрза немесе Ярош? Бүгінгі кештің ең үздік сейві қайсы?" – деп жазылды бейнероликтің астына.
Еске сала кетейік, "Қайрат" пен "Реал Мадрид" арасындағы кездесуде испаниялық клуб 5:0 есебімен жеңіске жетті.