"Тастап кеттім..." – Сәкен Майғазиевтің ұлы жеке өмірі жайлы шындықты айтты

Бүгін, 12:45 / Admin
ашық дереккөзден

Әнші Сәкен Майғазиевтің ұлы Әділет Қордабай бала кезіндегі футбол мансабы жайлы сыр бөлісті, деп хабарлайды Sportinside.kz.

"Мектеп кезінде шашушы едім. Әттең, менің жылдарымда профессионал футболда орысшаң жетік болмаса, шеттетуші еді. Сол күйі көңілім қалып, тастап кеттім. Мүмкін, бұл сөзім жай сылтау шығар", – деп жазды ол.

Әкесі Сәкен Майғазиев те ұлының "Қайрат" құрамында өнер көрсеткенін растады.

"Шын мәнінде, ұлым бүгінде «Реалға» қарсы алаңға шығатын жігіттердің бірі болар еді. Бірақ өзі қаржы саласын таңдады. Сондықтан достар, "Қайратқа" жеңіс тілейік", – деді әнші.

Тэгтер:

Сәкен Майғазиев ұлы