Ресми хабар! Ұлттық құраманың жаңа бас бапкері тағайындалды

Ресми хабар! Ұлттық құраманың жаңа бас бапкері тағайындалды

фото: kff.kz. Суретте: Талғат Байсуфинов

Қазақ маманы Талғат Байсуфинов Қазақстан ұлттық құрамасының уақытша бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Талғат Байсуфинов 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Лихтенштейнге (10 қазан) және Солтүстік Македонияға (13 қазан) қарсы ойындарда команданы басқарады.

Айта кетейік, Талғат Байсуфинов бұған дейін екі мәрте ұлттық құраманы жаттықтырған: 2016-2017 және 2020-2022 жылдары. Қазіргі таңда ол Қазақстан U-21 құрамасының бапкерлеріне тәлімгерлік жасап жүр.

"ҚФФ Талғат Маруанұлының кәсібилігіне сенім артады және алдағы ойындарда Қазақстан ұлттық құрамасына сәттілік тілейді", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құраманың жаңа бас бапкерін іздеуді жалғастырып жатыр. Қазір үш үміткер қалған, барлығы – шетелдік мамандар.