Өзбектер озып кетті: Халықаралық турнирде қазақтар алтын ала алмады

Бүгін, 11:27 / Ахмет Қанатұлы
ТМД ойындары

Әзірбайжанда ТМД ойындарының үшінші кезеңі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Екінші жарыс күнінен кейін турнирлік кестеде айтарлықтай өзгерістер болды. Жарыс қожайындары бес алтын медаль жеңіп алып, екінші орынға көтеріліп, Беларусь құрамасын ығыстырды. Ал Өзбекстан самбистердің екі жеңісі мен стендтік атудан бір алтынның арқасында төртінші орынға тұрақтады.

Қазақстан құрамасы бесінші орынға сырғыды. Қазіргі таңда біздің спортшылардың қоржынында 3 күміс пен 12 қола медаль бар.

Айта кетейік, ТМД ойындары 8 қазанда мәресіне жетеді.

Тэгтер:

ТМД ойындары