"Дегеніне жетті": Үшінші рет үйленген актердің бұрынғы әйелі шындықты айтты

30 қыркүйек, 2025 / Admin
Arasha.kz коллажы

Актер Дәурен Айдарқұлов қайтадан шаңырақ көтерді. Ол қуанышты жаңалығын Instagram-парақшасында бөлісіп, неке қию сәтінен сурет жариялағанын Arasha.kz хабарлайды.

"Мен үйлендім. Әлхамдулилләһ", – деп жазды ол.

Желі қолданушылары актерді құттықтап, игі тілектерін білдіріп жатыр. Құттықтаушылардың арасында бұрынғы жары, актриса Ақбота Сейтмағамбет те бар.

"Бақытты болыңдар! Сендер үшін шын жүректен қуаныштымын", – деп пікір қалдырды ол.

Айта кетсек, бұл – Айдарқұловтың үшінші некесі. Оның алғашқы некесінен үш бала, екінші некесінен екі перзенті бар. Ал Ақбота Сейтмағамбетпен актер 2020 жылы ажырасқан еді.

Тэгтер:

актер Дәурен Айдарқұлов Ақбота Сейтмағамбет