фото: Arasha.kz коллажы
Актер Дәурен Айдарқұлов қайтадан шаңырақ көтерді. Ол қуанышты жаңалығын Instagram-парақшасында бөлісіп, неке қию сәтінен сурет жариялағанын Arasha.kz хабарлайды.
"Мен үйлендім. Әлхамдулилләһ", – деп жазды ол.
Желі қолданушылары актерді құттықтап, игі тілектерін білдіріп жатыр. Құттықтаушылардың арасында бұрынғы жары, актриса Ақбота Сейтмағамбет те бар.
"Бақытты болыңдар! Сендер үшін шын жүректен қуаныштымын", – деп пікір қалдырды ол.
Айта кетсек, бұл – Айдарқұловтың үшінші некесі. Оның алғашқы некесінен үш бала, екінші некесінен екі перзенті бар. Ал Ақбота Сейтмағамбетпен актер 2020 жылы ажырасқан еді.