фото: instagram.com/almatyboxing.kz. Суретте: Алуа Балқыбекова
Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Ливерпульде өткен әлем чемпионатында жеңіске жеткен қазақстандық боксшы қыздар мен олардың бапкерін қабылдап, арнайы сыйақылар табыстады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Салтанатты жиында қала әкімдігі спортшылардың табысын жоғары бағалап, қомақты қаржылай марапат ұсынды. Алуа Балқыбековаға – 40 миллион теңге, Назым Қызайбайға – 30 миллион теңге, ал Виктория Грофееваға – 20 миллион теңге берілді.