"Қайрат" – "Реал": Тарихи матчты қашан және қайдан көруге болады?

29 қыркүйек, 2025 / Ахмет Қанатұлы
"Қайрат" футбол клубының баспасөз қызметі. Суретте: "Қайрат" футбол клубы

Футбол жанкүйерлері Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі "Қайрат" – "Реал" ойынын тікелей эфирде тамашалай алады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Бұл ойынды "Qazsport" және "Qazaqstan" арналарынан тікелей эфирде көруге болады.

Еске сала кетейік, "Қайрат" Чемпиондар лигасының 1-турында сырт алаңда "Спортингтен" 1:4 есебімен ұтылды. Ал "Реал" өз алаңында "Марсельді" 2:1 есебімен жеңді.

Сондай-ақ Рафаэль Уразбахтиннің шәкірттері алдағы турларда "Арсенал", "Интер", "Брюгге", "Копенгаген", "Олимпиакос" және "Пафоспен" кездеседі.

Тэгтер:

футбол Қайрат Чемпиондар лигасы Реал 30 қыркүйек