Бокстан әлем чемпионы Төрехан Сабырханның видеосы желіде кеңінен тарады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Белгілі бір киім дүкенінің жарнамасына түскен боксшы Төрехан Сабырхан мен балуан Нұрқожа Қайпановтың видеосы желіде кеңінен танымал болды. Видеода Төрехан киім дүкенін жарнамалап келе жатқанда артынан Нұрқожа Қайпанов құшақтап, "қадамақшы" болады. Мұның әзіл екенін желі оқырмандары да түсініп қойды.
Желі қолданушыларының басым бөлігі қос спортшының әзілін қолдап, екеуін де "нағыз батырлар" деп атады.
Кейбіреулері "Менің де ұлым чемпион болады", "Әр спорттың өз кайфы бар", "Один прогиб и ты погиб" деген сынды әзіл-қалжың пікірлер қалдырған.