Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев әлеуметтік желіде қаралы хабарын бөлісті.
Оның айтуынша, жазда қайын жұртына барып, әулеттің бәйбішесі Күлсімхан әжемен кездескен. Сол сәттерді Мұқаев ерекше ықыласпен еске алды.
"Қыздарыңыз аман-есен жүр, ұрмаймыз, соқпаймыз» деп әжеммен біраз әзілдескенім бар. Өз қолыммен алтын сырға тағып бергенмін. Әжем де риза болып, батасын беріп, алғысын айтқан еді. Ауылдан кетер кезде көңілде бір "біртүрлі" ішкі сезім болды... Соңғы көрісу сияқты. Әженің бетінен сүйіп, құшақтап, батасын алып, қоштасқаным есімде. Ішкі қимастық сол кезде-ақ бойымды билеген еді", – деп жазды ол.
Депутат марқұм Күлсімхан әженің 11 шөбере сүйгенін атап өтіп, оның жаны жәннатта болуын тіледі.
"Тірісінде 11 шөбере көрген Күлсімхан әженің жаны жәннатта болсын! Бақұл болыңыз. Қорлыбаевтар әулетіне қайғыра көңіл айтамын", – деді Мұқаев.