Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Загребте өткен күрес түрлерінен әлем чемпионатында жоғары нәтижеге қол жеткізген бірқатар спортшылар мен жаттықтырушыларды мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
"Құрмет" орденімен марапатталғандар:
- Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Спортты дамыту дирекциясы" РМҚК спортшысы Айдос Сұлтанғали;
- сол мекеменің спортшысы Нұрқожа Қайпанов;
- Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті – Орталық спорт клубының жаттықтырушы-оқытушысы Камал Гаджимагомедов.
"Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталғандар:
- "Спортты дамыту дирекциясы" РМҚК спортшысы Асылжан Есенгелді;
- Алматы қаласы "Шаңырақ" шағын ауданындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің жаттықтырушысы Еркебұлан Кешубаев.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Спортты дамыту дирекциясы" РМҚК жаттықтырушысы Юрий Мельниченко марапатталды.