Бокстан Өзбекстан ерлер құрамасының бас бапкері Тулкин Киличев Англияда өткен әлем чемпионатында қай қазақ боксшысы ерекше әсер қалдырғанын Sports.kz-ке берген сұқбатында айтты, деп хабарлайды Sportinside.kz.
"Әлем чемпионатында мені Санжар Тәшкенбай таңғалдырды. Бұған дейін де мен оны әлемдегі ең үздіктердің бірі деп айтқанмын. Оның шеберлігі мен таланты әрдайым жоғары деңгейде. Ол маған ұнайтын боксты көрсетеді", – деді өзбек маман.
Айта кетейік, осы айдың басында Ливерпульде өткен әлем чемпионатында Санжар Тәшкенбай 50 келіге дейінгі салмақта алтын медаль иегері атанды.
Сонымен қатар, Санжар 2023 жылы IBA нұсқасы бойынша да әлем чемпионы атанған болатын.