Талғарда әлемдік деңгейдегі футбол академиясы салынып жатыр

8 маусым, 2025 / Ахмет Қанатұлы
24.kz

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Талғар ауданында салынып жатқан "Atletico de Madrid Kazakhstan" футбол академиясының құрылыс алаңында болып, жобаның іске асу барысымен танысты, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Аталған жоба «Ақбұлақ» спорттық кешені базасында жүзеге асырылуда. Бұл — Орталық Азиядағы алғашқы Atletico de Madrid футбол академиясы болмақ. Академия тек жаттығу алаңы ғана емес, жаңа буын футболшыларын тәрбиелеуге арналған толыққанды орталық ретінде дамытылуда. Құрылыс үш кезеңмен жүргізіледі.

Бірінші кезең (2024–2026):

Екінші кезең:

Үшінші кезең:

Атлетико академиясы тек оқу-жаттығу базасы емес, сонымен қатар Қазақстанда футболды жаңа деңгейге көтеретін орталық болмақ. Мұнда жасөспірімдер мен кәсіби футболшыларға арналған заманауи инфрақұрылым қарастырылады. Алматы облысының әкімдігі бұл ірі жобаны барынша инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, рұқсат құжаттарын жедел рәсімдеу және құрылыс процесін үйлестіру арқылы барынша қолдап отыр. Жобаның іске асу барысы облыс басшылығының тұрақты бақылауында.

Мақаланы дайындаған: Аяжан ЖОМАРТ.

Тэгтер:

футбол Талғар стадион Талғар футбол академиясы Atletico de Madrid Kazakhstan футбол орталығы Қазақстан футболы спорт инфрақұрылымы