Асу Алмабаев ел күтпеген мәлімдеме жасап, біраз ойландырып тастады

Бүгін, 11:02 / Ахмет Қанатұлы
Jeff Bottari/Zuffa LLC via Getty Images. Суретте: Асу Алмабаев

UFC-дің жеңіл салмақтағы файтері Асу Алмабаев шілде айында Абу-Дабиде өткен UFC Fight Night турнирінде перулық Хосе Очоаны жеңгеннен кейін кей жанкүйерлер тарапынан айтылған сынға жауап берді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Асу Алмабаев қарсыласын төрешілердің шешімімен ұтқан болатын.

– Өткен жекпе-жекте сен сенімді түрде жеңіске жеттің, бірақ алғаш рет сынға да ұшырадың. Жанкүйерлер: "Асу енді іш пыстырарлықтай төбелеседі, бізге ұнамайды" деді. Бұған не дейсің?
– Асу әрі қарай да "іш пыстырарлықтай" жеңе берсін. Ең бастысы – жеңіліп қалмасын (күледі). Біздің міндетіміз – сол. Егер тіпті титул үшін айқасып, "іш пыстырарлықтай" жеңсем де, бастысы – жеңіс. Кейін "неге тәуекел еттім, неліктен басқаша істемедім" деп басымды қабырғаға ұрып отырмау үшін. Ең бастысы – жеңуім керек, болды, – деп жауап берді Алмабаев.

Айта кетейік, Асу Алмабаевтың UFC-дегі келесі жекпе-жегі 22 қарашада Дохада (Қатар) өтеді. Ол америкалық Алекс Переспен кездеседі.

Тэгтер:

Асу Алмабаев