"Алуаға ештеңе бермеген": Екі дүркін әлем чемпионы сый-құрметсіз қалды

Бүгін, 09:40 / Ахмет Қанатұлы
Нұрғали Жұмағазы, Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Суретте: Алуа Балқыбекова

Танымал журналист Гүлзина Бектас желідегі парақшасында екі дүркін әлем чемпионы Алуа Балқыбекова туралы жазды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

"Шымкенттіктер Махмұд пен Төрехан Сабырханға, қызылордалықтар Айдос Сұлтанғалиға, қарағандылықтар Аидаға темір тұлпар беріп, ардақтап жатыр. Елдің даңқын аспандатқан қыз-жігіттерге елі де риза. Бірақ... Біздің Алуаға алматылықтар ештеңе бермеген секілді. Неге өйтіп жатыр екен? Алуа мықты қыз ғой, жақында әкесіне армандаған көлігін мінгізді. "Әкем біздің (балаларының) қуанышымызға әрдайым бірге қуанып, асып-тасып жүретін адам. Жүрегі де, тілеуі де біздің үстімізде. Әкемді қуантқаным үшін өзім де қуандым. Әкеме көлікті арнайы тапсырыспен Кореядан алдырдым. Мен Әлем чемпионатында жүргенімде құжаттары дайын болыпты. Жарыстан келген соң, өз қолыммен табыс еттім" дейді. Жарыс алдында, жарыстан келген соң да отбасымен бірге анасының қабіріне барып, дұға бағыштайтынын жасырмады. Нағыз қайсар қыз!" – деп жазды Гүлзина Бектас.

Тэгтер:

Бокс Алуа Балқыбекова