Boxrec статистикалық порталы бірнеше салмақ дәрежесі бойынша үздік әуесқой боксшылардың тізімін жаңартты, деп хабарлайды Sportinside.kz.
80 келіге дейінгі салмақта көшбасшы ауысты. Бұған дейін бұл салмақтағы үздік – 2024 жылғы Олимпиаданың жүлдегері Нұрбек Оралбай болса, енді жаңа лидер пайда болды.
21 жастағы Жавохир Умматалиев әлем чемпионатының ширек финалында Нұрбекке еш мүмкіндік бермей, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Кейін ол әлем чемпионы атанып, өзбек спортының жаңа жұлдызы ретінде Boxrec нұсқасы бойынша 80 келіге дейінгі салмақта бірінші орынға шықты. Ал қазақ боксшысы екінші орынға түсті.