Бокстан екі дүркін әлем чемпионына 20 миллионның көлігі табысталды (ФОТО)

26 қыркүйек, 2025 / Ахмет Қанатұлы
instagram.com/yeldos_saidalin. Суретте: Аида Әбікеева

Қазақ боксшысы Аида Әбікеева бір жыл ішінде екі мәрте әлем чемпионы атанып, Ливерпульде өткен турнирде алтын жүлде иеленді. Осы жетістігі үшін ол қомақты сыйлыққа ие болды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Қарағандыда өткен марапаттау рәсімінде спортшыға жаңа көлік табысталды. Әлеуметтік желіде жарияланған суреттерге қарағанда, оған корейлік KIA жол талғамайтын көлігі берілген. Мұндай автокөліктің орташа бағасы шамамен 18,5 миллион теңге тұрады.

Сонымен қатар, оның жеке бапкері Ислам Абдраимовқа 5 миллион теңгелік сертификат табысталды. Бұл оның бұған дейін алған сыйақыларына қосымша болды.

Аида Әбікеева кім?

Аида Әбікеева – Қазақстан әйелдер бокс құрамасының көшбасшыларының бірі. 2025 жылдың наурызында Сербияның Ниш қаласында IBA ұйымдастырған әлем чемпионатында 63 келіге дейінгі салмақта алтын медаль иеленген. Ал Ливерпульде өткен додада 65 келіге дейінгі салмақта тағы да жеңіс тұғырынан көрінді. Финалда ол Өзбекстан боксшысы Навбахор Хамидовамен кездесіп, алғашқы екі раундта қарсыласына есе жіберіп қойғанымен, соңғы раундта жеңісті жұлып алды.

Әлем чемпионы қанша табыс тапты?

World Boxing ұйымы IBA сияқты жүлде қоры туралы ресми хабарламағанымен, елге оралған чемпион міндетті түрде мемлекеттен 15 мың доллар (шамамен 8 млн теңге) алады.

Бұдан бөлек, келесі әлем чемпионатына дейін ол ай сайын 511 мың теңге, ал оның бапкері – 255 мың теңге көлемінде төлем алады.

ҚР Бокс федерациясы да өз марапаттарын тағайындаған:

Осылайша, қазірдің өзінде Аида Әбікеева 115 мың долларға, ай сайынғы жәрдемақыға және жаңа автокөлікке қол жеткізді.

Тэгтер:

Бокс Қазақстан көлік Аида Әбікеева