Шавкат Рахмонов теннисші қызбен бірге көзге түсіп қалды (ФОТО)

26 қыркүйек, 2025 / Ахмет Қанатұлы
Jeff Bottari/Zuffa LLC via Getty Images. Суретте: Шавкат Рахмонов

Қазақ теннисшісі Зарина Дияс қызықты жазбасын әлеуметтік желіде бөлісті, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Белгілі спортшы Instagram парақшасында UFC-де өнер көрсететін қазақ файтері Шавкат Рахмоновпен түскен суретін жариялады.

"Чемпион", – деп жазды Зарина Дияс суретте.

Зарина Дияс – WTA турнирінің жекелей сындағы жеңімпазы, сондай-ақ 2020 жылғы Олимпиада ойындарының қатысушысы. Қазіргі таңда ол WTA рейтингінде 232-орында тұр. Ал өз мансабында ең жоғары 31-орынға дейін көтерілген.

Шавкат Рахмонов UFC-дің рейтингінде жартылай орта салмақта үшінші орында тұр және P4P рейтингінің үздік 20 файтердің қатарына кіреді. Оның соңғы жекпе-жегі өткен жылдың желтоқсанында өтіп, онда ол ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілер шешімімен жеңген еді.

Тэгтер:

Шавкат Рахмонов Зарина Дияс Теннис