21 жастағы футболшы Билли Вигар "Чичестер Сити" клубы сапында ойнап жүрген кезінде көз жұмды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Спортшының қазасы туралы ақпарат клубтың ресми Instagram парақшасында жарияланды.
"Өткен матчта ауыр бас-ми жарақатын алғаннан кейін Билли Вигар сенбі күні жасанды комаға түсті. Сейсенбіде сауығу мүмкіндігін арттыру үшін оған ота жасалды. Операция сәтті өткенмен, жарақаты тым ауыр болып шықты. Бейсенбіде ол қайтыс болды", – делінген клуб хабарламасында.
Оқиға "Уингейт энд Финчлиге" қарсы өткен кездесуде болған.
Айта кетейік, Билли – "Арсенал" академиясының түлегі, сондай-ақ әйгілі лондондық клуб үшін бірнеше матч өткізген. Клубтың ресми парақшасында Вигардың қазасына байланысты көңіл айтылды.