Кім көп табыс тапты? Өзбекстанның бас бапкері өзін қазақ бапкерімен салыстырды

24 қыркүйек, 2025 / Ахмет Қанатұлы
ашық дереккөзден

Бокстан Өзбекстан құрамасының бас бапкері Тулкин Киличев Ливерпульде өткен әлем чемпионатындағы нәтижелер үшін қазақстандық әріптесі Қайрат Сәтжанов алған сыйақымен өзінің сыйақысы арасындағы айырмашылық жайлы ойын айтты, деп хабарлайды Sportinside.kz.

"Қысқа қайырғым келеді: ең бастысы – халық мені таныса болғаны. Сол сияқты, қайда барсам да – жолым ашық. Ең маңыздысы – халықтың сүйіспеншілігі мен құрметті адамдардың сенімі. Біз жеткен жетістіктерімізге, бізге көрсетілген қолдауға қатты қуаныштымын. Қалғанының бәрі – екінші орында, – деді Тулкин Киличев.

Айта кетейік, тарихта алғаш рет World Boxing ұйымы аясында өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы медальдық есепте бірінші орынға ие болды (жеті алтын, бір күміс және екі қола медаль). Өзбекстан құрамасы екінші орынға табан тіреді (алты алтын, екі күміс және үш қола медаль).

Жарыс нәтижесі бойынша Тулкин Киличев 7000 доллар (3,7 млн теңге) алса, Сәтжановтың сыйақысы 100 000 долларды (54,2 млн теңге) құрады.

Тэгтер:

Бокс Қазақстан Өзбекстан Қайрат Сәтжанов Тулкин Киличев