"Басқа біреу сынып қалар еді": Шавкат Рахмонов ел күтпеген мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

24 қыркүйек, 2025 / Ахмет Қанатұлы
Chris Unger/Zuffa LLC via Getty Images. Суретте: Шавкат Рахмонов

UFC жауынгері Шавкат Рахмонов жаттығуға қайта кірісті, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Жарақатынан айығып жүрген қазақ жауынгерінің командасы спортшының жаттығу сәтінен бейнежазба жариялады.

"Жеңіс – күнделікті еңбектің, тынымсыз жаттығудың жемісі. Ол оңайлықпен келмейді – тәртіп, сансыз жарақаттар. Басқа біреу менің орнымда болса, мүмкін, сынып қалар еді. Бұл жол – чемпиондарға ғана арналған. Барымды саламын", – деді Шавкат Рахмонов.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов өзінің соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың желтоқсанында Лас-Вегаста өткізіп, онда ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілердің шешімімен жеңген болатын.

Тэгтер:

UFC Шавкат Рахмонов DAR Team