Кеше, 23 қыркүйекте Қазақстан футбол федерациясының Бақылау, тәртіптік және этикалық комитетінің отырысы өтті, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Осы комитеттің отырысында "Тобыл" клубының ойыншысы Асхат Тағыбергеннің әрекетіне қатысты шешім шықты.
Премьер-лига. 20-тур. "Тобыл" – "Астана"
Премьер-лиганың биылғы маусымының 20-туры аясында өткен "Тобыл" – "Астана" ойынында ереже бұзғаны үшін, әрі ойынға қатысуға мүмкіндік болған сәттегі өрескел тәртіп бұзушылыққа байланысты ДР-дің 44-бабы 1-тармағы 2-тармақшасына сәйкес "Тобыл" ойыншысы Асхат Тағыберген 2 (екі) ойынға шеттетіледі. Дисквалификация мерзімі биылғы жылдың 20 қыркүйегінен бастап есептеледі.