АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Иран мен Израиль арасындағы әскери қақтығысқа қатысты мәлімдеме жасап, бұл қан төгісті қарсыласуды «оңай» тоқтата алатынын мәлімдеді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазған.
«Біз Иран мен Израиль арасында оңай келісім жасасып, бұл қанды соғысты тоқтата аламыз! Бірақ егер Иран қандай да бір жолмен АҚШ-қа шабуыл жасаса, біз сіздерге бұрын-соңды болмаған сұрапылды көрсетеміз», – деп жазды Трамп.
Контекст
2025 жылғы 13 маусымда Израиль Иран аумағындағы бірқатар нысандарға — әскери базалар мен ядролық орталықтарға шабуыл жасаған. Бұл қадамға жауап ретінде Иран ондаған баллистикалық зымыран мен дрон ұшырды. Олардың біразы Израиль қалаларына жетіп, ПВО жүйелерінен өтіп кеткен.
Осы соғыс салдарынан екі тарап та үлкен шығынға ұшырағандарын хабарлауда. Қақтығыс әлемдік нарықтарға да әсер етіп, мұнай бағасының өсуіне себеп болды. Сонымен қатар, Қазақстан Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты кейбір бағыттар бойынша әуе қатынасын шектегенін жариялады.