Биыл бокстан қосымша әлем чемпионаты өту ықтимал. Бұл жөнінде Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) президенті Умар Кремлёв мәлім етті, деп хабарлайды Sportinside.kz.
"Жақын арада әлем чемпионаты туралы ресми хабарлаймыз. Бұл турнир сөзсіз өтеді. Біз оны IBA тарихындағы ең ірі додаға айналдыруды көздеп отырмыз. Спортшыларға ұйымдастыру жағынан да, қаржылай сыйақы тұрғысынан да ерекше жағдай жасаймыз. Жүлде қоры да артады, оның көлемін алдағы уақытта жариялаймыз", – деді Кремлёв.
Еске сала кетсек, бокстан ерлер арасындағы соңғы әлем чемпионаты 2023 жылы Ташкент қаласында өткен болатын.