Қазақстан футзал құрамасының аңыз ойыншысы Шыңғыс Есенаманов ұлттық құрамадағы мансабын ресми түрде аяқтады, деп Sportinside.kz тілшісі ASnews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Ол өзінің соңғы матчын Италияға қарсы өткізді.
Шыңғыс Есенаманов 2009 жылдың 19 ақпанында Дублинде Англияға қарсы ойында (5:2) құрама сапында дебют жасаған болатын. 16 жыл ішінде ол ұлттық команда сапында 118 матчқа қатысып үлгерді.
Оның еншісінде – Еуро-2016-ның қола медалі бар. Сондай-ақ Шыңғыс Еуро-2018-дің жартылай финалына дейін жетсе, Еуро-2022-де қатысқан. Үш мәрте әлем чемпионатында (2016, 2021, 2024) жасындай жарқылдаған.
Клубтық деңгейде Шыңғыс Есенаманов ұзақ жылдар бойы "Қайрат" сапында ойнады. Қазіргі таңда ол "Семей" командасының намысын қорғап жүр.
Италияға қарсы өткен (2:3) кездесу Шыңғыстың ұлттық құрама жейдесіндегі соңғы ойыны болды.