Ризабек әлем чемпионатынан кейін грузчик боп жұмыс істеп жүр (ВИДЕО)

23 қыркүйек, 2025 / Ахмет Қанатұлы
uww.org. Суретте: балуан Ризабек Айтмұхан

Еркін күрес шебері Ризабек Айтмұханның желідегі видеосы көпшілік арасында кеңінен тарады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Видеодан Ризабек өзінің жездесіне көмектесіп, көкөніс сататын дүкенде жүк тасып жүргенін көруге болады. Жездесі де қалжыңдап "әлем чемпионы біздің дүкенде зат тасып жүр" деді.

Еске сала кетейік, Ризабек Айтмұхан жақында Загребте (Хорватия) өткен әлем чемпионатында бозкілемде тек бір ғана белдесу өткізді. Алғашқы айналымда ол Еуропа чемпионы Магомед Курбановпен жолықты. Бұл балуан виза мәселесіне байланысты әлем чемпионатына қатыса алмаған Абдулрашид Садулаевтың орнына шыққан болатын. Айтмұхан жақсы күрес көрсеткенімен, соңғы секундтарда ресейлік қарсыласы басымдыққа ие болып, қазақ балуанын жарыстан шеттетті.

Тэгтер:

Ризабек Айтмұхан жезде