Әлем чемпионатында Өзбекстанды даңққа бөлеген қазақ туралы не білеміз?

23 қыркүйек, 2025 / Ахмет Қанатұлы
instagram/wrestling_uzb_official. Суретте: Айтжан Қалмақанов

Хорватияның Загреб қаласында өткен әлем чемпионатында этникалық қазақ Айтжан Қалмақанов грек-рим күресінен 63 келіге дейінгі салмақта Өзбекстанға тарихи алтын медаль сыйлады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Өзбекстанда дүниеге келген этникалық қазақ Айтжан Қалмақанов еліне үлкен жетістік әкелді. Соңғы рет көрші ел атынан әлем чемпионатында Дильшод Алипов (-58 кг) 2001 жылы жеңіске жеткен еді. Міне, 24 жылдан кейін жас палуан әлемдік додада тұғырдың ең биік сатысына көтерілді.

Айтжан Қалмақанов бар болғаны 19 жаста. Ол 2006 жылдың 1 қаңтарында Өзбекстанда туған.

2025 жылы Амманда (Иордания) өткен Азия чемпионатында Айтжан жеңімпаз атанды. Жартылай финалда қазақ Сұлтан Асетұлын 16:7 есебімен тізе бүктіріп, ал финалда ирандық Мохаммад Мехди Кешткарды 13:4 есебімен ойсырата жеңді.

Әлем чемпионатында да Айтжан барлық қарсыласын айқын басымдықпен жеңді. Жеребе бойынша оған қайтадан қазақ спортшысы – 2024 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Ержет Жарлықасын қарсы шықты. Алайда бұл жолы Ержет 1/4 финалда 8:0 есебімен ірі жеңіліске ұшырады. Финалда Айтжан оңтүстіккореялық Хань Дже Чунды да дәл осы есеппен (8:0) ұтты.

Тэгтер:

күрес Өзбекстан Айтжан Қалмақанов