Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-та ФИФА президентімен кездесті

23 қыркүйек, 2025 / Ахмет Қанатұлы
Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) президенті Джанни Инфантиномен кездесті, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев FIFA Arena бағдарламасын жүзеге асыруға қолдау көрсеткені үшін федерацияға алғыс білдірді. Бағдарламаның басты мақсаты – балалар футболын дамыту және заманауи спорттық инфрақұрылым құру.

Мемлекет басшысы ФИФА-мен ынтымақтастықтың арқасында Қазақстан аймақта футболдың қарқынды дамуының үлгісіне айнала алатынына сенім білдірді.

Өз кезегінде Джанни Инфантино Қасым-Жомарт Тоқаевқа футболға назар аударғаны үшін алғыс айтып, ұлттық футболдың деңгейін көтеруге бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыруға федерацияның дайын екенін растады.

Тэгтер:

Тоқаев ФИФА