Әлем чемпионы? Жәнібек Әлімханұлы келесі қарсыласы туралы айтты

23 қыркүйек, 2025 / Ахмет Қанатұлы
instagram.com/janibek_alimkhanuly. Суретте: Жәнібек Әлімханұлы

WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) өзінің келесі қарсыласы WBC белбеуінің иегері, доминикандық Карлос Адамес (24-1-1, 18 КО) болуы мүмкін деген қауесеттерге жауап берді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Бұған дейін испан тіліндегі инсайдер Фернандо Сабатини Әлімханұлы мен Адамес арасындағы жекпе-жек бойынша келіссөздерде ілгерілеушілік бар екенін хабарлаған еді. Алайда бүгін ол келіссөздерде қайтадан қиындықтар туғанын жазды.

"Сіздер шынымен осы қорқақ менімен жұдырықтасуға келісті деп ойлайсыздар ма? Сіздер оны жақсы білесіздер! Жақында жаңалық болады!" – деп жазды Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желіде.

Айта кетейік, орта салмақтағы WBA әлем чемпионы атағын қазір кубалық Эрисланди Лара (31-3-3, 19 КО) иеленіп отыр.

Тэгтер:

Бокс Жәнібек Әлімханұлы