Қазақ боксының күні батты: Құраманың бас бапкері ел күтпеген сөзді айтты

22 қыркүйек, 2025 / Ахмет Қанатұлы
ашық дереккөзден

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов әлем чемпионатынан кейінгі ойын айтты, деп хабарлайды Sportinside.kz.

– Париж Олимпиадасынан кейін "қазақ боксының күні батты" деп айтқандар болды. Ал сіздің бас жаттықтырушы ретінде тағайындалғаныңызға тура 1 жыл болыпты. Келген бетте жұмысты неден бастап, нені қолға алдыңыз? Басты кемшілік неде екен?
– Осыны айтып жүрген азаматтардың пікірі қисынсыз. Бокс біз жоқ кезде де болған. Одан кейінгілер де, қазіргі мамандар да бұл спорт түрін дамытып, қал-қадерінше көтеріп жатыр. Біз кетіп қалсақ та, қазақ боксының тасы өрге домалай береді. Әр облыста бокс спортын ілгерілетуге күш салып жатқан мықты бапкерлер бар. "Мемлекетті, кез келген ұлтты құрту үшін – атом бомбасы немесе зырыманды танкілер керек емес, тек білім беру жүйесін бұзып, ұстаздық еңбектің құнын түсірсе жеткілікті" деген тәмсіл бар ғой. Сол айтқандай, ең алдымен, бапкерлердің дәрежесін көтеріп, оларға әркез қолдау көрсетуіміз керек. Себебі, спортшылардың жеңіске жетуіне жаттықтырушының еңбегі орасан. Қазір Кубада бокс спорты құлдырап барады. Неге десеңіз, бапкерлердің бәрі жан-жаққа тарап, басқа елдерде жұмыс істеп жүр. Сондықтан тәжірибелі, білікті жаттықтырушыларды сақтап қалу керек.

Тэгтер:

Бокс Қайрат Сәтжанов