Қазақтың тентек теннисшісі жайлы қуанышты хабар мәлім болды

Бүгін, 14:25 / Ахмет Қанатұлы
FABRICE COFFRINI/AFP via Getty Images. Суретте: Александр Бублик

Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) өзінің ресми сайтында жекелей және жұптық разрядтағы жаңартылған рейтингті жариялады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Қазақстанның үздік теннисшісі Александр Бублик ерлер арасындағы жекелей сында өз орнын сақтап, әлемнің 19-ракеткасы мәртебесін жалғастыруда.

Еске сала кетейік, кеше, 21 қыркүйекте Бублик Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен ATP 250 турнирінің ширек финалында жеңіске жетіп, жарыстың жартылай финалына шыққан болатын.

Тағы бір қазақстандық теннисші Александр Шевченко бір саты жоғарылап, қазіргі таңда ATP ерлер арасындағы жекелей рейтингте 96-орынды иеленіп отыр.

Әлемдік тізімнің көшін әлі де испандық Карлос Алькарас бастап тұр. Италиялық Янник Синнер екінші ракетка мәртебесін сақтаса, неміс Александр Зверев үздік үштікті түйіндеді.

Тэгтер:

Теннис Александр Бублик рейтинг