Қаралы хабар: Елге танымал аңыз спортшы көз жұмды (ФОТО, ВИДЕО)

Бүгін, 13:44 / Ахмет Қанатұлы
ашық дереккөзден

Ұлттық хоккей лигасының (НХЛ) "Филадельфия" клубы сапында екі мәрте Стэнли кубогын жеңіп алған Берни Парент дүниеден өтті. Бұл туралы "Филадельфияның" баспасөз қызметі хабарлады. Аңыз спортшы 80 жасында көз жұмды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Парент қақпашы позициясында ойнады. Стэнли кубогының жеңісті маусымдарында ол плей-офф кезеңінің екі рет ең құнды ойыншысы атанды.

Оның спорттық мансабы 1979 жылдың 17 ақпанында аяқталды. Сол күні "Нью-Йорк Рейнджерсқа" қарсы өткен матчта көзінен ауыр жарақат алды. Ауруханада екі апта емделгенімен, мансабын 34 жасында аяқтауға мәжбүр болды.

1981 жылы Парент "Филадельфия" клубында қақпашылардың жаттықтырушысы қызметіне кірісті. Бұл қызметте ол 10 жылдан астам еңбек етті.

1984 жылы спортшы Хоккей даңқы залының мүшелігіне қабылданып, осылайша "Филадельфияның" аталған мәртебеге ие болған алғашқы ойыншысы атанды.

Тэгтер:

хоккей қайғылы жағдай Берни Парент