Қазақ баласы Өзбекстанға әлем чемпионатының тарихи алтынын сыйлады

21 қыркүйек, 2025 / Ахмет Қанатұлы
uww.org. Суретте: Айтжан Қалмақанов

Грек-рим күресінен Өзбекстан атынан сынға түскен этникалық қазақ Айтжан Қалмақанов Загребтегі (Хорватия) әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

63 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда Айтжан Қалмақанов Оңтүстік Корея спортшысы Хань Дже Чунды айқын басымдықпен – 6:0 есебімен тізе бүктірді.

Осылайша, Айтжан Қалмақанов Өзбекстан құрамасына грек-рим күресінен ересектер арасындағы әлем чемпионатында 2001 жылдан бері алғаш рет алтын әкелді. Осыдан 24 жыл бұрын, 2001 жылғы әлем біріншілігінде өзбек балуаны Дильшод Арипов (58 кг) тұғырдың ең биік сатысына көтерілген еді. Содан бері Өзбекстанның классиктері әлем чемпионатында алтын жүлде ала алмай келген болатын.

Тэгтер:

күрес Өзбекстан балуан Айтжан Қалмақанов