Қазақтың болашақ жұлдызы әлем чемпионатында тосын нәтижеге тап болды

21 қыркүйек, 2025 / Ахмет Қанатұлы
uww.org. Суретте: Ислам Евлоев

Қазақстандық грек-рим күресінің өкілі Ислам Евлоев Загребте (Хорватия) өткен әлем чемпионатында қола жүлде үшін өткен белдесуде жеңіліп қалды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Шешуші белдесуде Ислам Евлоев ресейлік Милад Алирзаевпен кездесті. Ол бұл турнирде Біріккен күрес әлемі (UWW) құрамасы атынан сынға түсті. Кездесу 1:5 есебімен Алирзаевтың пайдасына аяқталды. Осылайша, Алирзаев әлем біріншілігінің қола жүлдегері атанды, ал Евлоев жарысты жүлдесіз аяқтады.

Бұған дейін Ислам Евлоев турнир барысында грузин Лаша Гобадзені, армян Виген Назарянды және америкалық Пейтон Джейкобсонды ұтып, сербиялық Александр Комаровқа жол берген болатын.

Айта кетейік, 21 жастағы қазақстандық спортшы жастар арасында әлем чемпионы, 20 жасқа дейінгі жастар арасында Азия чемпионы, сондай-ақ 23 жасқа дейінгі жастар арасында Азия чемпионатында күміс жүлде иегері атанған.

Тэгтер:

күрес Әлем чемпионаты Ислам Евлоев