Танымал журналист Руслан Өтепбай желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын айтып, көпшілікті қуантты.
"Бүгін бір қызық жағдай болды. Бір айдан бері телефоныма Үржамал апай хабарласып, Құндыз бен Назгүлге атағаным бар деп кездесуімді өтінген болатын. Арнайы Шымкенттен келген Үржамал апай қыздарға деп жинаған 60 мың теңгесін беріп, жылы лебізін жаудырып кетті. Бұл ақшаны өзіңіздің бала-шағаңызға жұмсамайсыз ба десем: «тұрмыс құрмағанмын, балаларым жоқ»,-дейді. 62 жастағы апай Шымкенттің емханасында санитар боп жұмыс істейді екен. Биыл 63 жасқа толып, зейнетке шығу керек. Бірақ басшылық «тағы бір жыл жұмыс істеуге мүмкіндік берсе, жұмыс істеуге дайынмын,-дейді. Осы постты емхана басшылығы көрсе Ұржамал апайға мүмкіндік береді деп ойлаймын. Ал Құндыз бен Назгүлге аманаттаған ақшасын Таразға жол түскенде жеткізіп беремін. Үржамал апайдың қайсарлығы мен жүрегінің кеңдігі баршамызға үлгі болғай", – деді Руслан Өтепбай.