Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлем чемпионы атанған грек-рим күрес шебері Айдос Сұлтанғалиды құттықтады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
"Айдос Сұлтанғалиды Әлем чемпионатындағы жарқын жеңісімен құттықтаймын! Ол – грек-рим күресінен осы ғасырдағы тұңғыш жеңімпаз. Балуандарымыздың жеңісті жолды жалғастыра беруіне тілектеспін!" – деді Тоқаев.
Айта кетейік, кеше Хорватия астанасы Загребте өткен грек-рим күресінен әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алтын медаль түсті. Отандасымыз Айдос Сұлтанғали 60 кг дейінгі салмақтың финалында Әлішер Ганиевті (Өзбекстан) 1 минуттың ішінде таза жеңді.
Сұлтанғали кеше Хорватиядағы бәсекенің іріктеуінде Максвелл Хоппер Блэкті (АҚШ), Мелкаму Фетенені (Израиль), ширек финалда Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, Азия ойындарының қола жүлдегері Сеун Лиді (Солтүстік Корея) жықты. Жартылай финалда Амиран Чавадзеден (Грузия) мықты екенін дәлелдеді.
Грек-рим күресінен Қазақстан спортшылары неше рет алтын алды?
- 1999 жыл. Мхитар Манукян (63 келі)
- 1998 жыл. Мхитар Манукян (63 келі)
- 1998 жыл. Бақтияр Байсейітов (76 келі)
- 1997 жыл. Юрий Мельниченко (58 келі)
- 1994 жыл. Юрий Мельниченко (57 келі)
60 келі салмақта кімдер жүлде алған?
- 2022 жыл. Айдос Сұлтанғали
- 2019 жыл. Мейрамбек Айнағұлов
- 2018 жыл. Айдос Сұлтанғали
- 2017 жыл. Мейрамбек Айнағұлов
- 2015 жыл. Алмас Кебіспаев (59 келі)
- 2011 жыл. Алмас Кебіспаев
- 2010 жыл. Алмас Кебіспаев
- 2009 жыл. Нұрбақыт Теңізбаев
- 1999 жыл. Мхитар Манукян (63 келі)
- 1998 жыл. Мхитар Манукян (63 келі)