Белгілі боксшы Назым Қызайбай "1001 түн" бағдарламасының қонағы болды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Эфир барысында спортшыға көрермен тарапынан: «Назым елге шетелдік күйеу әкелмекші екен» деген сауал қойылды.
"Білмеймін, адамдар неге бұлай шығарып жүргенін. Көбі осылай сұрайтын болған. Оны мен айта алмаймын, шыны керек. Уақыт көрсетеді. Иә, жоқ деп айта алмаймын. Ертең не боларын білмейсің ғой", – деді спортшы.
Сонымен қатар, Қызайбай болашақ жары спортпен кәсіби түрде айналыспаса да, оған қамқорлықпен қарауы міндет деп санайтынын атап өтті.