"Самат Смақовтың күйеу баласы": "Қайраттың" жас жұлдызының сүйіктісі кім? (ФОТО)

21 қыркүйек, 2025 / Ахмет Қанатұлы
kursiv.media

"Қайрат" футбол клубының 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмырза жуырда Чемпиондар лигасында ерекше өнерімен тарихқа енген еді. Енді ол футбол алаңынан тыс жерде де назарға ілікті, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Белгілі болғандай, ол қазірдің өзінде бір жарым жылдан бері Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны әрі "Жетісу" клубының қазіргі жаттықтырушысы Самат Смақовтың қызы – Самира Смақовамен кездесіп жүр.

Самира 2005 жылы туған және Шерханнан екі жас үлкен. Олардың қарым-қатынасы бір жылдан астам уақытқа созылып келеді, ал жас жұп спорттық ортада ең көп талқыланатындар қатарына қосылды. Олар өз сезімдерін жасырмай, әлеуметтік желіде бірге түскен сәттерін бөлісіп отырады.

Еске сала кетейік, Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі алғашқы ойында алматылық "Қайрат" лиссабондық "Спортингтен" 1:4 есебімен жеңіліп қалған еді. Соған қарамастан, қақпашы Шерхан Қалмырза кездесудің басты ойыншыларының бірі болды.

Тэгтер:

футбол Қайрат Шерхан Қалмырза