Қазақтың қос балуаны әлем чемпионатының ширек финалына шықты

Бүгін, 16:47 / Ахмет Қанатұлы
ҰОК. Суретте: Ислам Евлоев

Бүгін, 20 қыркүйекте Загребте (Хорватия) грек-рим күресінен әлем чемпионаты жалғасуда, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Әлемдік додада Қазақстан құрамасынан екі балуан ширек финалға жолдама алды.

87 келіге дейінгі салмақта Ислам Евлоев 1/8 финалда армениялық Виген Назарянды 3:1 есебімен жеңді.

Ал 63 келіде Ержет Жарлықасын Солтүстік Корея өкілі Чан Кимді 4:3 есебімен ұтып, ширек финалда бақ сынайтын болды.

Тэгтер:

күрес Ислам Евлоев Ержет Жарылқасын