Қазақ дзюдошысы Әбиба Әбужақынова 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әлемдік рейтингтің алғашқы орнына шықты, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Әбибаның қоржынында – 5021 ұпай. Екінші орында ресейлік Сабина Гилязова (4738), ал үшінші орында италиялық Ассунта Скутто (4727) тұр.
Әлемдік рейтингтің үздік 15 тізімінде тағы үш қазақстандық бар: Ғұсман Қырғызбаев – 66 келіде 12-орында, Елдос Сметов – 60 келіде 15-орында, Абылайхан Жұбаназар – 81 келіде 15-орында.
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық дзюдошылар арасынан IJF рейтингінде бірінші орынға тек Елдос Сметов пен Галбадрах Отгонцэцэг қана көтерілген болатын.