Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының көшбасшысы Демеу Жадыраев Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлем чемпионатында қола медаль үшін белдесті, деп хабарлайды Sportinside.kz.
77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Демеу Жадыраев венгриялық балуан Роберт Фричпен күресіп, 5:6 есебімен жеңіліп қалды. Айта кетерлігі, жекпе-жек барысында қазақстандық балуан 5:0 есебімен айқын басымдықта болған еді. Осылайша, Фрич әлем біріншілігінің қола жүлдегері атанса, Демеу Жадыраев бесінші орынға тұрақтады.
Еске сала кетейік, Демеу Жадыраев – 2024 жылғы Париж (Франция) Олимпиадасының күміс жүлдегері. Сондай-ақ ол 2017 жылғы әлем чемпионатының финалисі және Азия біріншілігінің төрт дүркін жүлдегері.